Главная » 2014 » Маусым » 4 » Кіші пицца пісірейік)
18:25
Кіші пицца пісірейік)

 

Пицца қытырлақ, әрі дәмді болады. Жеуге де өте ыңғайлы, екі тістеп, оп-оңай жеп қоясыз :)

Құрамы:

Қамырына керекті заттар:
Ұн — 2 стақан
Су (жылы) — 1 стақан
Қант — 1 шай қасық
Ашытқы — 1 шай қасық
Сұйық май — 2 асқасық
Тұз

Салындыға қажетті заттар:
Томат пастасы- 2-3 асқасық
Фарш- 300-400 гр
Сарымсақ — 2 түйір
Пияз — 1 дана
Саңырауқұлақ (консервідегі) — 1 банка
Тұздалған қияр — 2-3 дана
Қызанақ — 2-3 дана
Зәйтүн — 1 банка
Ірімшік — 300 гр
Тұз
Қара бұрыш

Алдымен қамыр илеп, ашытып қоямыз.

20130516_120443

Фаршқа пияз, сарымсақ, тұз, қара бұрыш саламыз.

20130516_122701

20130516_122858

Қызанақтарды дәл осы қалыппен турап аламыз.

20130516_123748

Зәйтүн мен тұздалған қиярды тураймыз.

20130516_123802

Саңырауқұлақтарды да тураймыз.

20130516_131521

Қамырды орташа қалыңдықта жаямыз.

20130516_125441

Стақан немесе консерві банкасымен қамырымызды ойып шығамыз.

20130516_125452

Табамызды майлап, қамырды тізіп шығамыз.

20130516_125717

Қамырдың қалыңдығы осылай болады.

20130516_125734

Қамырдың бетіне томат пастасын жағып,

20130516_125940

салындыны саламыз.

20130516_130156

Үстіне қияр мен саңырауқұлақты саламыз.

20130516_130435

Оның үстіне қызанақ пен зәйтүнді қойып шығамыз.

20130516_130741

Ірімшікті үккіштен өтікізіп, бетіне сеуіп шығамыз.

20130516_132228

200 градустық пеште 30 минут пісуі қажет. Мини пицца дайын! :)

20130516_133836

Ас болсын!

Категория: Асхана | Просмотров: 1465 | Добавил: HACKER1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]