Главная » 2014 » Маусым » 4 » Әйелдер көзімен:еркектердің қатынаста жіберетін қәтеліктері
18:50
Әйелдер көзімен:еркектердің қатынаста жіберетін қәтеліктері

 

Еркектердің көбі өз сүйіктісімен жыныстық қатынас кезінде қателік жіберетінін білмейді, сенбейді, тіпті білгісі де келмейді. Бірақ, сүйіктісінің қателіктерін жіпке тізгендей біліп жүреді, тіпті сырластарына шағымданып та алады.  Біз арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде ерлердің төсек қатынасында жіберетін қателіктерін жинақтап көрдік. Мұның алдында әйелдердің төсектегі  қателіктерін жазған болатынбыз.

1. Аймаламай, бірден іске көшеді. 

Әрине, үйде қонақтар болып, қалт еткенде бір-біріңізді көзбен аймалап, шыдамсызданып отырып, қонақтар кеткен соң еш аймалаусыз, бірден «іске кірісетін» кездер болады. Алайда, әйелдер үшін жыныстық қатынасты бастамас бұрын аймалаудың да өте маңызды екенін еркектер естен шығарып алады. Әйелдердің түсінігінше, бұл — ерінің әйелін сүйетінінің, сыйлайтынының белгісі. Егер жыныстық қатынастың уақытын созғысы келетін жігіт болса, осы аймалау сәтін ұзарту керек: 15-20 минут аймаласу, 15-20 минут жынымтық қатынастың өзі, 30-40 минуттық «майдан» дайын.

2. Жуынбайды. 

«Аптасына бір рет жуыну жетеді» деген ереже тұрақты жұбы жоқ, жалғызбасты еркектерге жақсы. Алайда, кездесуге жуынбай шықса, жігіттің үстінен шыққан тердің иісі кездесудің шырқын бұзады. Бойдақ күнінен сирек жуынуды әдет қылған еркек үйленгеннен кейін жуынуды мүлде сиретуі мүмкін. «Қойш, ештеңе етпейді, ерініп тұрмын, бола салайықшы» деген сылтаулар пайда болады. Әйелдер еркектің иісінен жиіркеніп қалса, қатынасқа түсуге ынтасы қалмайды.

3. Секс аяқтала салысымен кетіп қалады. 

Жыныстық қатынас аяқтала сала, еркектің жуынуға не темекі шегуге, басқа жаққа кетіп қалғаны әйелдерге мүлде ұнамайды. Мұндайда әйел өзін шаруасын бітірген жігітке қажетсіз, пайдаланылған сияқты сезінеді. Сондықтан, бәрі аяқталған соң жігіт 15-20 минуттай әйелін сүйіп, құшақтап жата тұрса, әйел өзін әлемдегі ең бақытты жан санайды. Секстан кейін ұйықтап қалуға да болмайды.

6c950d3d17

4. Өзін ғана қанағаттандырады. 

Еркектер ләззат алса, әйелге де ұнады деп ойлайды. Жыныстық қатынаста эгоизм деген мүлде болмау керек. Әйелінің оргазм алғанын күту керек ері. Енді басталып келе жатқан ләззатты өз шаруасын бітіргесін тоқтата салуға болмайды.

5. Емшегін ұстай береді. 

Омырауын қайта-қайта ұстап, қатты қысып, тістеп, сүйе берген қыздарға ұнамайды. Еркектер әйелдердің ең эрогенді аймағы — төсі деп ойлайды. Олай емес, төсіне қол жүгірткен сайын әйелдің «жыны қоза бастайды».

6. Поза ауыстырмайды. 

Өзіне ыңғайлы, ұнайтын позасында жыныстық қатынасты бастап, сомен аяқтайды. Өкінішке қарай, әйелдер арасында «догги стайлды» ұнататындар өте аз. Миссионерлік позицияны да ұнататындар көп емес. Бір қатынастың өзінде бірнеше қалыпқа көшу керек. Ері фантазиясын іске қоссын, болмаса, әйелін тыңдасын!

7. Оралды секс сұрайды. 

Минет жасап беруін өтінетін, жалынатын еркектер әйелдерге ұнаған емес. Бәрі өзінен өзі орын алу керек. Жыныстық мүшесін аймалағанын қалап тұр ма, алдымен өзі әйеліне жасап берсін. Айтпаған күннің өзінде, басын төмен түсіріп, ымдағанның өзі әйелге кері әсерін береді.

8. «Бітірдің ба» деп сұрайды. 

Әйел міне, міне оргазм алғалы жатқан сәтте тоқтап қалып, «Бітірдің ба» деп сұрайды. Бұл сәтте әйелдің көңілі бөлініп, «келе жатқан нәрседен» айрылып қалады. Еркек әйелдің оргазм алған-алмағанын сұрап білмей, сезіну керек.

9. Құлаққа сілекейін жағып, үрлейді. 

Аймалау, әрине жақсы. Құлақты ақырын сүйіп, тістеген де қоздырады әйелдерді, өйткені, ол — эрогенді аймақ. Алайда, ол әрекетті қайта-қайта қайталап, құлақтың бәрін сілекейлеп тастау әйелдерге ұнамайды. Нәзік істеу керек.

image_2315

10. Секспен айналысып жатып, сұрақ қояды, сөйлей береді. 

Әйелдерге жыныстық қатынас кезінде әңгіме айту емес, ләззат алған ұнайды. Оларға «Ұнады ма?» деген сұраққа өте жиі және мәжбүрмен жауап бергенді жек көреді. Ері арасында қандай озаның, ненің ұнайтынын құлағына сыбырлап қана сұрап отырса, болғаны.

11. Жыныстық қатынастан кейін жуынбайды. 

Спермасын іш киімімен не шүберекпен сүрте салады да, төсекке секіреді. Қайтадан құшақтап, иіскеп жатқысы келген әйелдің көңілі түсіп кетеді. Еріне жуынып келуді ыммен жеткізуге тырысқанымен, тікелей айта алмайды.

Енді еркектердің төсек қатынасында жіберетін қателіктерін анықтауға бағытталған сауалнамаға қатысқан әйелдердің пікірлерін білсек.

1 әйел: 1. Ер адамдардың көпшілігі төсек қатынасында өздерін ғана қуанышқа бөлесін дейді, тек өздерін ғана ойлайды; 2. Көбіне олар тезірек және бірінші болады да, шаршап қала береді(((;  3. Таңертең өздері қалап тұрса болғаны, ұйықтап жатқан жерден оятып бастай береді;  4. Көп еркек төсек қатынасынан кейін жуынбайды; 5. Әйел адамдардан қалай ұнататынын сұрамайды, ескермейді, біліп тұрса да, көбіне өз қалауымен ғана істейді; 6. Бірден тек минет істе дейді.

2 әйел: Эгоистер, өздері үш минуттан кейін бітіреді да, душқа кетеді немесе темекісін шегіп жатады; Куни жасағысы келмейді, бірақ, минет жасашы деп сұрайды; Өздерінікі тұрса болды, аймалау, қызу ойындар болмайды, онікі тұрса, қыз дайын деп ойлайды да, үстіңе міне бастайды; Раком тұрғызады да, істей береді  немесе өзіне ұнайтын позаны таңдап алады да, басқаша дым істемейді, қыздың үстінде болғанын қалайды, «жоқ» десең, көздері алақандай; Барлық әрекет тек кіру-шығуда емес, аузы мен қолы бар ғой, құдайға шүкір, соларымен параллельно бірдеңе істесін.

3 әйел: 1. Бәрі болғаннан кейін «неше рет бітірдің?» деп сұрайтыны. Мүлдем деп айтуға зауқың бармайды. Өтірікті соға салуға мәжбүр боласың. Жыныс қатынасы кезінде «бітірудің» амалдарын жасау миларына да кіріп шықпайды. 2. Қазақ еркектері әйеліне комплимент айтуға қорқады, болмаса ұялады. 3. Әйелі «бастама» көтеруге жүрексінеді, себебі, «бұны қайдан біліп жүр» , «мынау бұзылайын деп жүр» деп ойлап қалатынына мен 100 пайыз сенімдімін. 4. Қазақ еркектерінің санасын жаулап алған ойлар: қыздық, бұзылған ба, таза ма, ертең артымнан қалмай қойса ше, туыстарыма ұнамайды т.б. Осының кесірінен қыздығын алып үйленеді де, мысы құрып, көбінесе қиялдаумен өмірін өткізетіндер толып жатыр.

Young couple kissing and hugging on the bed in bedroom

4 әйел: Тым артық аймалап, қоздыруды созып жібергенде, ішім пысады; Бас салып, бір жерден келгенде жабыса кеткен де ұнамайд. Себебі, бір рет душқа кіріп шықпасам, өзімді сенімсіз сезінемін; Көбіне әйелден үстем болған ұнайды оларға, үстінен жасай берсең де, шаршап кетесің; Құдайым-ау, емшекке жабысқанды жақсы көреді, бір-екі рет ұстады, болды ғой, қашанғы умаждай береді?

5 әйел: Меніңше, еркек адам әйелді сүйіп, қоздырып кіргізу керек. Қозып тұрған кезде әйел тез ләззат алады.

6 әйел: Ең үлкен, ең жиі қателігі — дұрыстап қоздырмайды.  Жеткілікті аймалап, қажетті кондинцияға жеткізбейді. Әйел үшін өзінің оны құшақтап, бір сүйгені жеткілікті, ал зәуде құрғақ боп жатса, сілекейлеп кіргізе саламыз деп ойлайды.

7 әйел: Эрогенді жердің жөні осы екен деп емшек пен клиторды жөнсіз ысқылап, умаждау; Бірден тыр жалаңаш шешініп не шешіндіріп тастау; Аймалауға аз уақыт бөліп, бірден шаруаны тындырып тастағысы келу;  Минет жасап берші деп сұрамсақтану.

8 әйел:  1. Әйел де, еркек те болар алдында, болғаннан кейін жақсылап жуынғаны дұрыс деп ойлаймын. Таза болған жалпы жақсы ғой, жақсы; 2.  Қарны шартиған еркекпен ешқандай қыз болғысы келмейтін шығар? 3. Ондай кезде дыбыс атаулы жүйкемді қоздырады. Сөйлесе, қатты жыным ұстайды; 4. Болған кезде сүйіскен ұнамайды. Денең онысыз да сезімтал болып тұрады; 5. Әйел адам, әсіресе, қазақ әйелдері ашып айта салмайды, ым түсініп үйрену керек.

Категория: Жыныстық қатынас туралы | Просмотров: 2179 | Добавил: HACKER1 | Рейтинг: 1.8/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]