Главная » 2014 » Маусым » 4 » Арықтауға көмектесетін би түрлері
18:11
Арықтауға көмектесетін би түрлері

Арықтау — қыздардың қазіргі ең басты проблемаларының бірі. Арықтау үшін түрлі диетаны да ұстайды, спортпен де айналысады, түрлі би курстарына жазылады. Алайда, бәрі де нәтиженің тез көзге көрінгенін қалайтыны жасырын емес. Егер барып жүрген биіңіздің салмақ тастауға әсерін байқамай жүрсеңіз немесе енді биге барғалы жүрсеңіз, біздің мына жазбаны оқып алғаныңыз дұрыс. 

Аяғыңызды арықтата алмай жүрсіз бе? Онда, аяққа арналған, көп қимыл аяқпен жасалатын биге барыңыз. Мұндай биге сальса мен мамба 

биі жатады. Ча-ча-ча биі де аяқтың 

бұлшықеттерін қатайтады. Оған қоса, 

жүрек қағысын ретке келтіпіп, төзімділікті шыңдайды.

Ал, егер аяғыңыздың формасын өзгертіп не кішкене ғана түзетемдесеңіз, 

классикалық билерге барыңыз.

Мақсатыңыз — артық салмақтан арылу болса, хип-хоп не R’n’B билерін

 үйрететін топтарға жазылыңыз.

Іштің майын кетіріп, бөксені қатайтқыңыз келсе, мықын биіне барыңыз. Шығыс биінің әйелдің жасын ұзартып, сексуалдығын арттыратын да қасиеті бар.  Дәл осы би әйелдің мүсінін 

әдемі етуге көмектеседі. Үнемі би 

сабақтарына қатысып, тұрақты 

айналысатын болсаңыз, 

іштегі бұлшықеттер қатаяды.

Қол, мойын, дененің жоғары жағындағы майларды кетіріп, бөксе мен балтыр бұлшықеттерін жаттықтырғыңыз келсе, Фламенко биінің (испан биі) ықпалы көп.

Арықтауға арналған бидің алуан түрі бар. Тіпті ересектерге және жасөспірімдерге деп те бөлінеді. Шын мәнісінде, қазір семіздікке шалдыққан жасөспірімдер де көп. Жасөспірімдерге арналған арықтататын

 билер олардың артық салмағын жойып 

қана қоймай, денсаулығын да жақсартады. 

Аз уақытта көп салмақтан арылтатын Go-Go биі бар. Бұл би тез қимылдауды қажет

 еткендіктен адам көп терлейді. Термен 

бірге калория да, май да шығады :) .

Жастар арасында кеңінен танымал билердің 

бірі — брейк-данс. Бұл гимнастикалық 

қимылдар арқылы иілгіштікке, икемділікке үйретеді.

Егер би арқылы арықтағыңыз келсе, алдымен

 ішкі дауысыңызды, интуицияңызды тыңдаңыз

Ең басты талап — би өзіңізге ұнау тиіс.

 биге бір жазылған соң тұрақты түрде уақтылы қатысу 

керек. Сонда ғана көздеген нәтижеге қол 

жеткізесіз.

Өте семіз адамдар кешке қарай ұннан жасалған, тұзы көп, май көп, тәтті тағамдарды азайтса, би арқылы тез арықтайды

Барлық адамдардың денсаулығы бидің барлық түріне жарай бермейтінін ұмытпаңыздар. Сондықтан би курстарына жазылмай тұрып, дәрігерден кеңес алғаныңыз дұрыс болады.

Категория: Денсаулық | Просмотров: 913 | Добавил: HACKER1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]