Алдымыздағы мектеп бітіру кешіне тура бір айдай уақыт қалды. ҰБТ, соңғы қоңырау сынды маңызды оқиғаларға қарамастан, өмірімізде бір-ақ рет болатын кешке барлығымыз да ерекше дайындалғымыз келеді. Біріміз көйлегіміз өзгеге ұқсамаса екен деп арнайы тіктірсек, енді бірімізге қаражат жетпей жатады.. Олай болса, назарларыңызға ең әдемі көйлектерді ұсынамыз.
Көйлек таңдау кезінде түсіне де мән беріңіз. Түс неғұрлым ақшыл болған сайын сізді нәзік етіп көрсетеді. Мұнымен қатар қысқа көйлек тек аяғы түзу жандарға ғана жарасатынын ұмытпаңыз.
Жоғарыдағы екі көйлектің түсін салыстырып көріңіз? Қайсысы нәзігірек?
Егер қымбат көйлек сатып алуға ақшаңыз болмаса, арзанын алып, өз қолыңызбен өңдеңіз. Сәнді аксессуар қосыңыз.
Көпшіліктің назарында болғыңыз келсе, ханшайым көйлегін таңдаңыз. Егер иығы ашық тұратындығы ұнамаса, осы көйлек матасына сәйкес келетін жамылғы тағыңыз.
Қысқа көйлектің денеге жабыспай тұрғаны жақсы.
Егер көйлек кигіңіз келмесе, ешкімге ұқсамайтындай белдемше мен кофтыны алыңыз.
Солдан оңға қарай бірінші қыздың киген көйлегі барлығына да жарасатыны анық, ал егер қысқа көйлек кигіңіз келсе, аяғыңызға қалың колготкі киюді ұмытпаңыз. Бұл кеш барысында өзіңізді жайлы сезінуге көмектеседі.